Жалпы мәліметтер

  • Ресми атауы: Қазақстан Республикасы
  • Астанасы: Астана қаласы
  • Президенті: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
  • Орналасқан өңірі: Орталық Азия
  • Жер аумағы: 2 724 900 км²
  • Халқы: 20 миллион адам
  • Тәуелсіздік күні: 1991 жылғы 16 желтоқсан (Кеңес Одағынан тәуелсіздігін жариялаған күн)
  • Әкімшілік құрылымы: Унитарлық мемлекет
  • Мемлекеттік басқару нысаны: Президенттік республика
  • Мемлекет басшысы: 7 жыл мерзімге сайланатын Президент
  • Жоғары заң шығарушы орган: Екі палаталы Парламент (Сенат және Мәжіліс)
  • Жоғары атқарушы орган: Қазақстан Республикасының Үкіметі
  • Ұлттық валютасы: Қазақстан теңгесі (KZT)
  • ISO коды: KAZ
  • Интернет-домені: .KZ

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы унитарлық мемлекет. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, еліміз демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып табылады.

Қазақстан 1991 жылғы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялады.Еліміздің астанасы – Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Қазақстан Республикасының Конституциясы

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық республикалық референдумда қабылданды.

Cart (0 items)