QazTrade Сауда саясатын дамыту орталығы акционерлік қоғамы (бұдан әрі – QazTrade), Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады; Қазақстанның сауда саясатын дамыту, экспортты қолдау және елдің халықаралық экономикалық байланыстарын нығайту мақсатында қызмет көрсетеді. 2006 жылы құрылған QazTrade – сыртқы сауда және экономикалық ынтымақтастық саласындағы Қазақстанның жетекші институционалдық құрылымдарының бірі. Құрылым; сауда саясатын әзірлеу, сыртқы нарық талдауларын жүргізу, экспортты ынталандыру бағдарламаларын іске асыру, инвестициялық серіктестіктерді жеңілдету және халықаралық сауда желілерін кеңейту мәселелері бойынша жұмыстар жүргізеді. QazTrade-тің жалғыз акционері – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі. Түркия мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында QazTrade Түркиядағы қызметін жүзеге асыру үшін QazTrade Түркия серіктес офисін өкілеттендірді. Серіктес офис Yenisan компаниилар тобы bünyesinde (құрамында) қызмет атқарады.
Біздің миссиямыз: Біздің миссиямыз – Түркия мен Қазақстан арасындағы сауда айналымын арттыру, жаңа инвестициялық және іскерлік ынтымақтастық мүмкіндіктерін жасау, сондай-ақ екі ел арасындағы экономикалық қатынастардың тұрақты дамуына үлес қосу.
Біздің пайымымыз: Біздің пайымымыз – Түркия мен Қазақстанның іскерлік әлемі үшін сенімді серіктес әрі басты байланыс орталығына айналу, сондай-ақ екіжақты сауда мен инвестициялық қатынастарды дамытуда көшбасшы рөл атқару.
