Қазақстан Еуропа мен Азияның тоғысқан жерінде орналасқан, сауда мен логистика саласында бірегей мүмкіндіктер ұсынатын стратегиялық маңызы жоғары мемлекет.
Тарихи Ұлы Жібек жолы Қазақстан аумағы арқылы өткен. Бүгінде Қазақстан жаһандық «Бір белдеу, бір жол» (One Belt, One Road – OBOR) бастамасының маңызды қатысушыларының бірі болып табылады.
Қазақстан 500 миллионнан астам тұтынушысы бар өңірлік нарықтарға, сондай-ақ халқы 180 миллионнан асатын Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ортақ нарығына тиімді қолжетімділік ұсынады.
2.1 Жылдам логистика
- Еуропа – Қытай – Санкт-Петербург: 10 күн
- Еуропа – Қытай – Гамбург: 16 күн
- Еуропа – Қытай – Лондон: 18 күн
2.2 Көлік дәліздері
- Ақтау және Құрық теңіз порттары Каспий теңізі арқылы халықаралық сауда бағыттарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
- Қазақстанның Батуми (Грузия) және Ляньюньган (Қытай) қалаларында логистикалық инфрақұрылымы бар.
- Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомагистралі Еуропа мен Қытай арасындағы жүк тасымалын небәрі 10 күнде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
