Елдің минералдық-шикізат базасы 5 000-нан астам кен орнынан тұрады, олардың болжамды жалпы құны ондаған триллион АҚШ долларына бағаланады.
Қазақстан:
- мырыш, вольфрам және барит қорлары бойынша әлемде бірінші орында,
- күміс, қорғасын және хромит қорлары бойынша екінші орында,
- мыс және флюорит қорлары бойынша үшінші орында,
- молибден қорлары бойынша төртінші орында,
- алтын қорлары бойынша алтыншы орында.
Сонымен қатар, Қазақстан мұнай мен табиғи газдың елеулі қорларына ие (барланған мұнай қоры бойынша әлемде тоғызыншы орында), көмір қоры бойынша сегізінші, ал уран қоры бойынша екінші орында. Мұнай мен газдың негізгі кен орындары еліміздің батыс өңірлерінде шоғырланған.
4.1 Ауыл шаруашылығы
Қазақстан әлемдегі астық экспорттайтын жетекші он елдің бірі және ұн экспорттаушы жетекші мемлекеттердің бірі болып табылады.
- Солтүстік өңірлердегі егістік жерлердің 70%-ы бидай, арпа және тары сияқты дәнді және техникалық дақылдарды өсіруге пайдаланылады.
- Елдің оңтүстігінде күріш, мақта және темекі өсіріледі, сондай-ақ бау-бақша, жүзім шаруашылығы және бақша дақылдары жақсы дамыған.
- Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының жетекші салаларының бірі болып табылады.
4.2 Өнеркәсіп және сауда
Негізгі экспорттық өнімдер:
- тау-кен, отын-энергетика, металлургия және химия өнеркәсібінің өнімдері;
- астық өнеркәсібінің өнімдері.
Негізгі сауда серіктестері:
- Ресей;
- Қытай;
- Еуропа елдері;
- ТМД елдері.
4.3 Даму және жаңғырту
Экономиканы әртараптандыру мақсатында Қазақстан қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғыртуға және жаңа өндіріс орындарын құруға бағытталған Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда.
Қазақстан Жаңа Жібек жолы бастамасына белсенді қатысып, Еуропа мен Азия арасындағы сауда және транзиттік хаб ретіндегі өз рөлін нығайтып келеді.
Елде әлеуметтік жаңғырту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Басым бағыттар:
- жаңа мектептер мен университеттердің құрылысы
- заманауи медициналық орталықтардың ашылуы
- әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру
